Оралда қонақүйден ер адамның мәйіті табылды

Оралда қонақүйден ер адамның мәйіті табылды

Оралда қонақүйден ер адамның мәйіті табылды
ашық дереккөзі
16 қарашада сағат таңғы 08:10 уақыт шамасында Абай ауданының полициясына қаладағы қонақүйлердің бірінде ер адамның өлі денесі табылғаны туралы хабарлама түсті деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, 35 жастағы азаматтың мәйітін анықтады. Аталған бөлмеде жәбірленушіден бөлек 28 жылғы азаматша да болды және ол осы ауыр қылмысқа қатысы бар екенін мойындады», - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті Орал қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта материалды толық жинауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Іс бойынша сот сараптамалары кешенінің нәтижелеріне сәйкес, заңды процестік шешім қабылданатын болады.