Үкімет халық мүддесін бірінші орынға қоюы қажет – Нұрлан Әуесбаев

Үкімет халық мүддесін бірінші орынға қоюы қажет – Нұрлан Әуесбаев

Үкімет халық мүддесін бірінші орынға қоюы қажет – Нұрлан Әуесбаев
ашық дереккөзі
ҚР президенттігіне кандидат Нұрлан Әуесбаев Орал қаласында орналасқан Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабына барды. Бұл туралы кандидат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz. Нұрлан Әуесбаев Оралда қала активімен кездесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтарына тоқталды.
"Біраз сұрақ қойылды. Билік бір адамның қолына шоғырланатын президенттік басқару формасынан бас тартуымыз қажет деген басты ойымды жеткіздім. Үкімет дамуға мүмкіндік бермей отырған олигархтарды емес, керісінше, халық мүддесін бірінші орынға қою қажет. Жемқорлықты жеңіп, мемлекеттің басқару жүйесін өзгерткен жағдайда ғана біз экономикалық жағдайымызды түзете аламыз", – деп жазды ол.
Бұған дейін «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінен президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарымен Ақтөбе, Ақмола облыстарында, Шымкент, Алматы, Астана қалаларында кездесулер өткізді.