Нұрлан Әуесбаев батыстағы Теректі ауданының халқымен кездесті

Нұрлан Әуесбаев батыстағы Теректі ауданының халқымен кездесті

Нұрлан Әуесбаев батыстағы Теректі ауданының халқымен кездесті
ашық дереккөзі
Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданының халқымен кездесті деп хабарлады turkystan.kz. Сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өзін ұсынған  Жалпыұлттық социал-демократиялық  партиясы туралы айтып берді. Бұл ауданда 10 мыңдай адам тұрады. Мұнда жол сапасы мен ауызсу мәселесі өзекті. Кандидатпен жолыққан тұрғындар да бұл проблема шешімін таппай келе жатқанын жеткізді. Оппозициялық партия өкілі халыққа мейлінше жауап беруге тырысты.
 «Тұрғындарды әртүрлі сұрақтар қызықтырады. Мен сайлауалды бағдарламамды толығымен халыққа түсіндірдім. Содан кейін соңынан әртүрлі сұрақтар болды. Жалпы, аймақтарда біздің партияның 20 филиалы бар. Былайша айтқанда, барлығы да  белсенді, жан-жақты жұмыс істеп жатыр. Үгіт-насихат жұмыстарын ойдағыдай жүргіземіз деген сенім бар», –  деді ҚР Президенттігіне кандидат Нұрлан Әуесбаев.