Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алтыншы жекпе-жегін өткізеді

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алтыншы жекпе-жегін өткізеді

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алтыншы жекпе-жегін өткізеді
ашық дереккөзі
Қарашаның 19-ынан 20-сына қараған түні қазақстандық Жалғас Жұмағұловтың (14-7) UFC-дегі алтыншы жекпе-жегі өтеді деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. Ол Лас-Вегаста (АҚШ) UFC Fight Night 215 турнирінде өнер көрсетеді. Онда Жұмағұлов америкалық файтер Чарльз Джонсонмен (11-3) жұдырықтасады. Айқасты UFC-дің ресми сайтынан көруге болады. Жекпе-жек Астана уақыты бойынша шамамен 02:00-де басталады. Қазіргі уақытта Жалғас Жұмағұлов UFC-де бес жекпе-жек өткізді. Олардың біреуінде жеңіске жетсе, қалған төртеуінде жеңіліп қалды.