«Шыңғыс хан қай рудан шықты дегенді қою керек» – Тоқаев

«Шыңғыс хан қай рудан шықты дегенді қою керек» – Тоқаев

«Шыңғыс хан қай рудан шықты дегенді қою керек» – Тоқаев
ашық дереккөзі
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтар әлемге прагматикалық көзбен қарауы керек деп санайды. Мұндай пікірді Мемлекет басшысы Алматы қаласының жұртшылығымен кездесуінде айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Мен академик Асқар Жұмаділдаев айтқан пайыммен толық келісемін. Халқымыз осындай күрделі заманда, ең алдымен, әлемге прагматикалық көзбен қарауы керек. Бос әңгімелерді тоқтату қажет. Мысалы, Шыңғыс хан қай рудан шықты деген талас-тартысты қою керек деп ойлаймын. Қазіргі таңда зиялы қауымның көбі шетінен тарихшы, шыңғыстанушылар болып кетті. Мұның қоғамымызға пайда әкелеріне күмәнім бар. Жастарымыздың санасы сергек, еті тірі, ширақ болуы қажет. Көрші мемлекеттердегі жас азаматтар шетелге барып, кәсіпорындар, дүкендер ашып, жақсы өмір сүру үшін жаңа дағдыларды игеріп жатыр», - деді Қ.Тоқаев.
Ол мұндай азаматтарды бәсекеге қабілетті адамдар деп атады.
«Қазіргі жағдайда мен бір жерде өмір сүремін, балаларыммен өмір бойы бірге тұрамын деген ұғым әбден ескірген. Сондықтан, құрметті ағайын, бәріміз озық болайық! Сонда ғана жастарымыздың көзі ашық, көкірегі ояу, ойлары ұшқыр болады, көптеген сын-қатерге төтеп бере алады. Өз жағдайын өздері жасап, жақсы өмір сүре алады», -  деді Президент.