Қазақстан құрамасы жолдастық ойында Өзбекстанға есе жіберді

Қазақстан құрамасы жолдастық ойында Өзбекстанға есе жіберді

Қазақстан құрамасы жолдастық ойында Өзбекстанға есе жіберді
ашық дереккөзі
Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанмен жолдастық ойын өткізіп, 0:2 есебімен жол берді деп хабарлады turkystan.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ташкент қаласында өткен жолдастық ойын алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Кездесуде есеп ашқан Ходжимат Еркінов еді. Ол ойынның 12-минутында Игорь Шацкий қорғаған қақпаны тура көздеді. Артынша Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің соққысы қақпа бағанынан қайтты. Үзіліске санаулы минуттар қалғанда Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Эльдор Шомуродов есепті еселеді. Екінші таймды Қазақстан құрамасы белсенді бастағанымен есепті өзгерте алмады. Бас бапкер Магомед Адиев алаңға бірнеше ойыншыны шығарды. Оның ішінде ұлттық құрамаға ұзақ үзілістен кейін қайта оралған Бауыржан Исламхан болды. Біздің құрама келесі жолдастық ойынын 19 қараша күні Абу-Даби қаласында Біріккен Араб Әмірлігі құрамасымен өткізеді.