Теннистен қазақстандық төреші күміс белгіге ие болды

Теннистен қазақстандық төреші күміс белгіге ие болды

Теннистен қазақстандық төреші күміс белгіге ие болды
ашық дереккөзі
Қазақстандық төреші Юлия Игнатченко теннистен күміс белгі иегері атанды деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Ю.Игнатченко әлемдік төрешілер қауымдастығынан мұндай жоғары атақты қазақстандықтар арасынан бірінші болып алып отыр. Күміс белгіге (Silver Badge) қол жеткізу үшін кемінде халықаралық деңгейдегі 60 матчқа қазылық етіп, алтын белгісі бар төрешілер мен супервайзерлерден жақсы баға алу керек. Сосын ITF, ATP, WTA және Grand Slam жиын өткізіп, кімге беретінін шешеді. Күміс белгі иегерлері «Үлкен дулығадан» бастап кез келген негізгі жарыстарға қазылық жасай алады.