Бали жағалауында туристер мінген лайнер өртенді (ВИДЕО)

Бали жағалауында туристер мінген лайнер өртенді (ВИДЕО)

Бали жағалауында туристер мінген лайнер өртенді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Mutiara Timur I аталатын туристер лайнері Бали жағалауында отқа оранды деп жазды turkystan.kz. Өрт кеме бұғаздан өтіп бара жатқанда тұтанған.  Жергілікті порттың қауіпсіздігіне жауапты басшы аталған ақпараттың шынайылығын растады. Ол жолаушылар мен экипажды құтқаруға республиканың Әскери-әуе күштері жұмылдырылғанын түсіндірді. Оның айтуынша, лайнерде 236 адам болған. Олардың жағдайы туралы әзірге нақты ақпарат жоқ.