Жаңалықтар

Президент Алматыда креативті индустрия өкілдерінің қызметімен танысты

ашық дереккөзі

Президент Алматыда креативті индустрия өкілдерінің қызметімен танысты

Мемлекет басшысы Алматыда креативті индустрия өкілдерінің қызметімен танысты деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Президент жас кәсіпкерлермен кездесу барысында креативті индустрияның қазіргі әлемде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. – Қазақстан креативті индустрия саласында алдыңғы қатарға шыққанына өте қуаныштымын. Бұл тұрғыда Қазақстан туралы оң пікірлер айтыла бастады. Осындағы азаматтар бұған зор еңбек сіңірді. Сіздерге шын жүректен ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.