Қазақстан IQOS инновациялық жүйесін бастаған алдыңғы 20 елдің қатарында
Қазақстан IQOS инновациялық жүйесін бастаған алдыңғы 20 елдің қатарында
IQOS жүйесі – әлемнің 400-ден аса ғалымдарының он жылдаған зерттеулерінің нәтижесі.
Алматы қаласының орталық көшелерінің бірінде IQOS дүкенінің ашылуы өтті. Филип Моррис Интернэшнл (ФМИ) Қазақстанда өзінің инновациялық өнімінің сатылымын бастады. IQOS қолданылатын технология Швейцарияда ФМИ-дің Зерттеулер мен әзірлеу орталығында жасалды. Оның негізінде темекіні жанусыз, тек қыздыру үдерісі жатыр, осы үдерістің нәтижесінде темекі буы (аэрозоль) түзіледі. IQOS жүйесі кәмелетке толған шылым шегушілер үшін балама болып табылады, олар темекіні басқа кәдімгі сигареттермен салыстырғанда түтінсіз, күлсіз және жағымсыз иістің қолда, шашта және киімде аз мөлшерде қалуымен қолдана алады.
Қазіргі таңда осы жобаға ФМИ-дің инвестициялау соммасы 3 млрд АҚШ долларынан асты.
ФМИ зерттеулері темекі шегумен байланысты сырқаттану тәуекеледерін төмендету әлеуетіне көп үміт күттіретін нәтижелерді көрсетеді. Төмендетілген тәуекелі бар өнімнің әлеуетін тексеру үшін ФМИ кеңейтілген зерттеулерді, оның ішінде зертханалық және клиникалық зерттеулерді өткізеді. «Келешекте осы жаңа өнімді жеткілікті дәрежеде тарататын сәт келетініне және ер жеткен тұтынушылар осы өнімді білетіндеріне сенімдімін, сондай-ақ елдердің үкіметтерімен бірлесіп темекілерді нарықтардан шығару кезеңін бастайтынымына сенімдімін. Осы уақыт жақын арада келетініне кәміл сенемін», — деп ФМИ басшысы Андре Калантзопулос айтып кетті.
Қазірде бұл өнім Алматы қаласындағы IQOS фирмалық дүкенінде сатылады. IQOS жүйесі тек қана қыздыратын табак таяқшаларымен (стиктер) қолданылады, олар да осы дүкенде бір қорабы 350 теңгеден сатылады. IQOS жинағына ұстағыш, зарядтау құрылғысы, USB-кабелі бар қуат беру блогы және тазалау құрылғысы кіреді. Бүгінде бұл жүйе Жапония, Италия, Швейцария және Ресейді қоса оннан аса елдерде қолданылады. 2014 жылы Италия мен Жапонияда өнімді шығарған сәттен бастап 1 миллионнан аса кәмелетке толған темекі шегушілер толықтай IQOS жүйесіне көшіп, кәдімгі шылым туралы ұмытты.
Бұл электронды құрылғы, темекінің жану деңгейінен айтарлықтай төмен температурада арнайы әзірленген темекі таяқшаларын қыздырады. Темекіні Цельсий бойынша 350 градусқа дейін қыздырған кезде, жану процесі болмайды, сондықтан IQOS жүйесі түтін мен күлді түзбейді. Бөлінетін темекі буы, бөлменің ауа сапасына кері әсер етпейді.
Тәуекелі төмен өнімдер (ТТӨ) – бұл терминді ФМИ темекіні шегумен салыстырғанда тұртынушылар үшін жеке тәуекел мен зиянды төмендететін өнімді белгілеу үшін қоладанады. ФМИ ТТӨ-рі дамудың және коммерциялық сатудың әртүрлі деңгейінде және түтін құрамындағы зиянды және әлеуетті зиянды компоненттердің төмендетілген әсер ету дәрежелі өнімдерге қатысты мәлімдеушіні қолдай алу және ақыр соңында темекі шегумен сатыстырғанда сырқаттанудың туындау тәуекелдерін төмендету туралы өтініштерін анықтау үшін ФМИ кеңейтілген және мұқият ғылыми зерттеулерді өткізеді. Осындай мәлімдемелерді жасар алдында, ФМИ тиісті ғылыми зерттеулерден алынған деректердің барлық жиынтығына, осы деректер әсер ету немесе тәуекелді төмендеуін дәлелдейтінін анықтау үшін мұқият баға береді. Кез-келген осындай мәлімдемелер мемлекеттік тексеру мен келісуден өте алады, бұл қазіргі таңда АҚШ-да өткізілуде.