Астанада ғылым саласының үздіктері марапатталды

Астанада ғылым саласының үздіктері марапатталды

Астанада ғылым саласының үздіктері марапатталды
ашық дереккөзі
Астанада Elsevier компаниясының ұйымдастыруымен «Scopus Awards Kazakhstan 2022» атты іс-шараның ресми марапаттау рәсімі өтті деп хабарлады turkystan.kz. Жеңімпаздар «Ғылымдағы әйелдер», «Ауыл шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және ауылдық жерлерді дамыту ғылымдары», «Экологиялық негізделген тұрақты даму», «Биомедициналық зерттеулер және денсаулық сақтау», «Инженерлік және физика ғылымдарындағы инновациялар» категориялары бойынша сынға түсіп, үздіктер анықталды. Әр санат бойынша жарияланымдардың сапасы мен саны, зерттеудің сипаты мен бірегейлігі, нәтижесі, қоғамға әсері негізге алынды.
«Құрметті қонақтар, бүгін қазақстандық ғалымдарды ғылымда ашқан жаңалықтары үшін марапаттап, осы саладағы айтулы жетістіктерін атап өтеміз», - деді ұйымдастырушылар.
Атап айтар болсақ, қазақстандық физик, академик Рәтбай Мырзақұлов «Жалпы физика және астрономия» бағыты бойынша үздік деп танылды.
«Конференция ұйымдастырушыларына алғыс білдіремін. Бұдан да табанды жұмыс істеуге тырысамыз. Ғылыми журналдарда көбірек мақалалар жариялауға әрекет етеміз», - деді профессор.
 width=