Жаңалықтар

Тоқаевтың жақтастары Түркістан облысының және Шымкент қаласының сайлаушыларымен кездесті

ашық дереккөзі

Тоқаевтың жақтастары Түркістан облысының және Шымкент қаласының сайлаушыларымен кездесті

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Түркістан облысының және Шымкент қаласының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді. Бұдан соң, жергілікті жылыжайлардың бірінің алаңында РҚШ мүшелері шаруалар мен ауыл жастарына сайлауалды бағдарламада көрініс тапқан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру шараларын түсіндірді. Осы күні штаб мүшелері салынып жатқан Мұз сарайына барып, құрылысшылармен әңгімелесті. 100-ден астам адам қатысқан кездесу барысында РҚШ мүшелері кандидаттың еңбек адамын қолдау жөніндегі басымдықтарына назар аударды. Шымкентте ақсақалдармен, зиялы қауым өкілдерімен және белгілі қоғам қайраткерлерімен болған кездесуде кандидаттың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» деп аталатын сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары талқыланды. Жас ғалымдармен және өнертапқыштармен әңгімелесу барысында Тоқаевтың жақтастары ғылымды қолдау мәселесін қозғады. Бұдан соң, штаб мүшелері «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы кәсіпорындарының қызметкерлерімен кездесіп, жиналғандардың назарын ШОБ-ты қолдау және Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан жұмысшының еңбек құқықтарын қорғау мәселелеріне аударды.