Президент сайлауына Семей қаласының дайындығы қалай?

Президент сайлауына Семей қаласының дайындығы қалай?

Президент сайлауына Семей қаласының дайындығы қалай?
ашық дереккөзі
Қазақстанның әр түкпірінде сайлауға қарқынды дайындықтар жүргізілуде. Семей қаласының сайлау учаскелері Президент сайлауын өткізуге тас түйін дайын. Сайлау күні қалада 149 учаске жұмыс істейді деп жоспарлануда. Оның ішінде 19 жабық сайлау учаскесі де бар. Жабық сайлау учаскелері - қандай да бір себептермен жалпы сайлау учаскелеріне келе алмайтын және әскери бөлімдерде, ауруханаларда, құқық қорғау органдарының мекемелеріндегі және т. б. азаматтар үшін жұмыс істейді.
«Сайлау барысында мүгедектігі бар сайлаушылардың жағдайы толық қарастырылу керек. Семей қаласындағы сайлау учаскелерінде құлаққаптар, Брайль қарпінде орындалған сайлау туралы ақпараты бар арнайы папка, қосымша жарықтандыру, ұлғайтқыштар, сурдоаудармамен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар мүгедектігі бар сайлаушыларға қала бойынша 11 арнайы көлік бөлінеді. Олар сайлаушыларды үйінен сайлау пунктіне жеткізеді», – деді Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Зейнолла Тоқаев.
Сондай-ақ қаладағы мүмкіндігі шектеулі жандар өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, үйде дауыс бере алады. Семей қаласындағы сайлаушылар тізіміне 232 мыңнан астам адам енгізілген. 20 қарашада коғамдық көліктермен тұрғындар тегін қатынайды.