Головкин мен Әлімханұлы ESPN рейтингісінде нешінші орында тұр?

Головкин мен Әлімханұлы ESPN рейтингісінде нешінші орында тұр?

Головкин мен Әлімханұлы ESPN рейтингісінде нешінші орында тұр?
ашық дереккөзі
ESPN телеарнасының сайтында барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. Рейтингіде орта салмақтағы қазақстандық әлем чемпиондары Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлының орындары өзгерген жоқ. Үздік «үштік» те өзгеріссіз қалды: тізімде бірінші орында WBC әлем чемпионы Джермалл Чарло есімі тұрса, екінші орында WBA Super, IBF және IBO титулдарының иегері Головкин мен Деметриус Андраде орналасқан. Әлімханұлы британиялық Дензел Бентлимен жекпе-жекте жеңіске жетіп, WBO әлем чемпионы атағын сәтті қорғағанымен, тізімде төртінші орында қалды. ESPN орта салмақтағы толық рейтингі: 1. Джермалл Чарло (АҚШ) 2. Геннадий Головкин (Қазақстан) 3. Деметриус Андраде (АҚШ) 4. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан) 5. Риота Мурата (Жапония) 6. Хайме Мунгиа (Мексика) 7. Крис Юбанк кіші (Ұлыбритания) 8. Карлос Адамес (Доминикан Республикасы) 9. Эрисланди Лара (Куба) 10. Эскива Фалькао (Бразилия)