Трамп АҚШ президенттігіне кандидат болуға өтініш берді

16 қараша, 2022 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Трамп АҚШ президенттігіне кандидат болуға өтініш берді 15 қарашада АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 2024 жылы өтетін президенттік сайлауға қатысатынын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Трамп бұл туралы Палм-Бичтегі Мар-а-Лагода өз жақтастары алдында сөйлеген сөзінде айтты. Ол президент болған кезінде қаншама игі істер жасағанын, алайда Байден оның бәріне нұқсан келтіргенін мәлім етті.