Ыстамбұлда тағы жарылыс болды

Ыстамбұлда тағы жарылыс болды

Ыстамбұлда тағы жарылыс болды
ашық дереккөзі
Ыстамбұлдың Фатих ауданында жарылыс болды. Бірнеше көлік отқа оранды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы осы уақытқа дейін мәлімет түскен жоқ. Кейбір ақпарат бойынша, өрт алдымен бір көлікті шарпыды, кейін жалын тұрақта тұрған өзге машинаға ауысты. Оқиға Ыстамбұлдың негізгі көрікті орындары - Айя-София мешіті және Көк мешіт орналасқан жерден 5 шақырым жерде – Қожа Мұстафа көшесінде болды. Өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтады.