2022 жылғы әлем чемпионатындағы ең кәрі 5 ойыншы

2022 жылғы әлем чемпионатындағы ең кәрі 5 ойыншы

2022 жылғы әлем чемпионатындағы ең кәрі 5 ойыншы
ашық дереккөзі
ФИФА 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатына қатысатын командаларды бекітті деп хабарлады turkystan.kz. Алдағы әлем чемпионатының ең қарт ойыншысы, мексикалық қақпашы Альфредо Талавера болмақ. Ол қазір 40 жаста. Биылғы әлем чемпионатындағы ең кәрі 5 ойыншы:
  1. Альфредо Талавера - 40 жас (18.09.1982), Мексика құрамасы;
  2. Атиба Хатчинсон - 39 жас (08.02.1983), Канада құрамасы;
  3. Пепе - 39 жас (26.08.1983), Португалия құрамасы;
  4. Кавасима - 39 жас (20.03.1983), Жапония құрамасы;
  5. Дани Алвес - 39 жас (06.05.1983), Бразилия құрамасы.
Ал чемпионаттағы ең жас футболшы Германия құрамасының ойыншысы Юсуф Мукоко болады. Ол 2004 жылы 20 қарашада дүниеге келген. Чемпионат басталған күні ойыншы 18 жасқа толады.