Жаңалықтар

Польша аумағына екі зымыран құлады (ФОТО)

ашық дереккөзі

Польша аумағына екі зымыран құлады (ФОТО)

Украина шекарасынан 5 шақырым аралықтағы жерде орналасқан Польшаның Пржеводов ауылының аумағына екі зымыран құлады деп хабарлады turkystan.kz. Зымырандар астық кептіруге арналған техникалардың үстіне құлаған. Салдарынан екі адам қайтыс болды. Оқиға орнында полиция, прокуратура және әскери қызметкерлер жүр. Польша билігі зымыран шабуылы туралы ақпаратқа ресми түрде түсініктеме бермеді. Поляк құтқарушылары жарылыс салдарынан Пржеводовта екі адамның қаза тапқанын растады. Бірақ оның себебін нақтылай алмай отыр. Осы аралықта АҚШ-тың жоғары лауазымды барлау қызметкері Associated Press агенттігіне берген сұхбатында ресейлік зымырандардың НАТО құрамындағы Польша елінің кеңістігіне өтіп, екі адамның өмірін қиғанын айтты.