Үндістанда «көзілдірікті» мутант лақ пайда болды (ФОТО)

Үндістанда «көзілдірікті» мутант лақ пайда болды (ФОТО)

Үндістанда «көзілдірікті» мутант лақ пайда болды (ФОТО)
ашық дереккөзі
Үндістанның Мадхья-Прадеш штатындағы Сирондж қаласының маңында салынған фермада ешкі адам тұлғалы, басы мен иегінде қалың жүні бар, көзінің айналасы көзілдірікке ұқсайтын қара шеңберлі мутантты лақтады деп хабарлады turkystan.kz. Бақташы Набаб Хан ешкінің мұндай тіршілік иесін лақтағанына таңқалған. Оның айтуынша, лақтың аузы адамдыкіне ұқсаған. Жануардың көзінің айналасында көзілдірікке ұқсайтын қара шеңберлер пайда болған. Басы мен иегінде қалың ақ шаштарды байқауға болады.  width= Тұмсықтың деформациясына байланысты тіршілік иесі сүтті шприцпен ішуге мәжбүр болған. Жалпы, жануардың жағдайы жақсы. Ерекше жаңалықты естіген ауыл тұрғындары фермаға жиі келе бастаған. Ветеринар Манав Сингхтің айтуынша, мутант ешкі бас диспепсиясынан зардап шегеді. Бұл ауытқу әрбір 50 мыңыншы малдың бірінде кездеседі және ешкіге қарағанда ірі қара малда жиі болады. Бұл ауытқудан зардап шеккен жануардың басы ісінеді, оны «гидроцефалия» деп атайды. Бұл құбылыстың мынандай себептері болуы мүмкін: А дәруменінің тапшылығы және аналық жануардың дұрыс препараттарды пайдаланбауы.