Желтоқсан айында қазақстандықтар неше күн демалады?

Желтоқсан айында қазақстандықтар неше күн демалады?

Желтоқсан айында қазақстандықтар неше күн демалады?
ашық дереккөзі
Биыл желтоқсанда бұрынғы жылдармен салыстырғанда мереке күндері азайды  деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Сонымен, 1 желтоқсанда атап өтілетін Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекелер қатарынан алынып тасталды. Биылдан бастап бұл күн – жұмыс күні. Тәуелсіздік күні биыл тек бір күн – 16 желтоқсанда тойланады. Сонымен, желтоқсанда Тәуелсіздік күні қарсаңында:
- бес күн жұмыс істейтіндер – 16, 17, 18 желтоқсан (жұма, сенбі, жексенбі); - алты күн жұмыс істейтіндер – 16, 18 желтоқсан (жұма, жексенбі) демалады.
Жалпы, желтоқсан айында бес күндік жұмыс аптасында 10 демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында 5 демалыс күні бар. Биылғы жаңа жыл сенбі (31 желтоқсан) және жексенбі (1 қаңтар) күндеріне сәйкес келеді. Екі күн де ​​қазақстандықтар жұмыс істемейді.