Жаңалықтар

СІМ мен Ортсайлаукомның бірлескен брифингі өтті

ашық дереккөзі

СІМ мен Ортсайлаукомның бірлескен брифингі өтті

15 қарашада дипломатиялық миссиялардың басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері үшін 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын әзірлеу мен өткізу мәселелері бойынша өткізілуі дәстүрге айналған брифингі өтті. Брифингке Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров, Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Ортсайлауком, Сыртқы істер министрлігі және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Брифингті ашқан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы сайлауы елдегі демократияны дамытудағы тағы бір маңызды кезең екенін атап өтті.