Жаңалықтар

Президент мультибрендті автомобильдер шығаратын зауыт құрылысын іске қосты

ашық дереккөзі

Президент мультибрендті автомобильдер шығаратын зауыт құрылысын іске қосты

Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапары аясында Changan, Chery, Haval маркалы автомобильдер шығаратын зауыттың іргетасын қалау рәсіміне қатысты деп хабарлады turkystan.kz. Президентке жобаның төлқұжаты таныстырылып, 2024 жылдың төртінші тоқсанында ашылады деп жоспарланған зауыттың үлгісі көрсетілді. Зауыттың өндіріс аумағы 100 мың шаршы метрден асады. Үш автокөлік маркасының әрқайсысы үшін дәнекерлеу және құрастыру жұмыстарына арналған жеке цех салынады.