Жаңалықтар

Тоқаевтың жақтастары Маңғыстау облысының сайлаушыларымен кездесті

ашық дереккөзі

Тоқаевтың жақтастары Маңғыстау облысының сайлаушыларымен кездесті

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының сайлаушылармен кездесуі Маңғыстау облысында жалғасты. «Zhamal-ai LTD» арнайы киім және аяқ киім өндіретін фабрикаға барған Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары кәсіпорын ұжымына кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген бизнесті қолдау шаралары туралы айтып берді. IT мамандармен кездесуде РҚШ мүшелері сайлауалды бағдарламаның цифрландыруға арналған бөліміне баса назар аударды. Сонымен қатар «ҚМГ Инжиниринг» алаңында РҚШ мүшелері өңірдің мұнайшыларымен кездесіп, оларға сайлауалды бағдарламада көзделген қауіпсіз еңбек ортасын құру және жұмысшылардың құқығын қорғау жөніндегі шаралар туралы айтып берді.