Өрт сөндірушілердің жалақысы 70%-ға дейін көтеріледі - министр

Өрт сөндірушілердің жалақысы 70%-ға дейін көтеріледі - министр

Өрт сөндірушілердің жалақысы 70%-ға дейін көтеріледі - министр
ашық дереккөзі
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 2023 жылы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жалақысы қаншаға өсетіні туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Үш жыл бұрын жалақыны көтеру мәселесі көтерілген кезде біздің қызметкерлер 65 мың теңге алып отырған еді. Қазір қызметке келген қызметкердің ең төменгі лауазымдық жалақысы шамамен 110 мың теңге», - деді Юрий Ильин Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне.
Оның айтуынша, 2023 жылы жаңадан келген қатардағы қызметкерлердің айлығы максималды деңгейде өсетін болады.
«2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақыны 10%-дан 70%-ға дейін арттыру көзделіп отыр. 70% дегенде, бұл -  қызметті енді бастаған қатардағы құрамның жалақысы максималды өседі деген сөз. Ал 10% дегенде, басшы құрам туралы айтып тұрмын, бұл - өрт сөндіру қызметінің бастықтары, төтенше жағдайлар қызметінің бастықтары», - деп түсіндірді министр.