Жаңалықтар

Мектепте 23 жыл оқитын оқушылар бар

ашық дереккөзі

Мектепте 23 жыл оқитын оқушылар бар

Әр елдің білім беру жүйесі әрқилы. Олар сонысымен ерекшеленеді. Дегенмен, көпшілігіне ортақ тәртіп, талап-міндеттер де жоқ емес.  Айталық әлемнің көптеген елінде жаңа оқу жылы күз мезгілінде басталады. Ал АҚШ, Чили, Ресей және Исландияда мектептегі білім беру жүйесі кей мемлекеттерге қарағанда басқаша. Қай елдің оқушылары мектеп қабырғасында аз уақыт өткізеді? Қай мемлекетте баланы мектепке даярлау қымбатқа шығады? Қай елдің тұрғындары 23 жыл бойы білім алады? Біз осы және басқа да әлем мектептеріндегі ең қызықты фактілерді жинақтадық. [caption id="attachment_203903" align="alignnone" width="1205"] Фото:k2radio.com[/caption] Оқу жылының 8 айында күніне 5 сабақтан есептесек, шамамен, 500 академиялық сағатты құрайды. Әлемде бұл көрсеткіш жылына орта есеппен 800 сағаттан тұрады. Мысалы, Даниядағы мектептерді назарға алсақ. Кішкентай даниялықтар бастауыш мектепте жылына шамамен 1000 сағатын өткізеді. Білім беру сапасының Халықаралық рейтингтерінде Дания жыл сайын алғашқы бестікке кіреді. Сондықтан болар, оқу жылының ұзақтығы әлі де өз жемісін беріп келеді (Дереккөз: OECD). Әлемнің әртүрлі елдеріндегі мектеп құнының айырмашылығы 100 мың долларға жетеді. [caption id="attachment_203905" align="alignnone" width="1280"] Фото:shkolabuduschego.ru[/caption] АҚШ университеттерінде оқу құны қымбаттаса да, ата-аналар қалталарынан жылдық ақының тек 23%-ын төлейді. Мысалы, Франциямен салыстырсақ, бұл мемлекетте баланың толық білім алуына ата-аналар шамамен 16 мың доллар жұмсайды (Дереккөз: HSBC / Sallie Mae). Жаңа Зеландия мен Исландияда балалар жиырма жыл мектепте оқиды. Мектеп өмірінің ұзақтығы бастауыш сыныбынан бакалавр деңгейіне дейінгі кезеңмен есептеледі. [caption id="attachment_203907" align="alignnone" width="1205"]