Жаңалықтар

Қытай билігі банктерге бақылауды күшейтпек

ашық дереккөзі

Қытай билігі банктерге бақылауды күшейтпек

Қытай билігі жетекші үш даму банкіне жүргізілетін бақылауды күшейтеді. Бұл жобаларды қаржыландыру және компанияларды кеңейту жөніндегі жаңа мемлекеттік бастамаларды қолдау, сондай-ақ Қытай экономикасының өсімін тұрақтандыру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, - деп хабарлайды The Wall Street Journal.

ҚХР мемлекеттік кеңесі жексенбі күні Мемлекеттік даму банкі (МБД), Экспорт-импорт банкі (Эксимбанк) және Қытайдың ауыл шаруашылығын дамыту банкі (ҚАШДБ) реформаларының жоспарын бекітті. Бұл жоспарлар жан-жақты ашылып қамтылмағандығына қарамастан, консультанттар мен аналитиктердің айтуынша, олардың мақсты — даму банктерінің үкіметтің қаржылық және стартегиялық құралдары ретіндегі ролін күшейту. Бұған қоса, билік банктерді тәуекелдерді басқару, корпоративтік басқару және ішкі бақылау жүйелерін жақсартуды мәжбүрлегісі келіп отыр. «Бұл саяси банктерді көп жағдайда коммерциялық банктер үшін тартымды емес жобаларды: инфрақұрылымды, фермерлік шаруашылықты, экспортты, шетелдік инвестицияларды қаржыландыру үшін арзан несиелердің көзі ретінде пайдаланғысы келеді», — деп түсіндірді UOB Kay Hian Holdings Ltd. брокерлік фирмасының экономисті Чжу Чаопин. Қазіргі кезде осы бағыттардың барлығы Қытай билігі үшін басым бағыттар. Пекин темір жолдар, порттар, байланыс құралдарын қоса алғандағы жаңа, жетілдірілген инфрақұрылым Қытай экономикасын Азия, Таяу Шығыс, Африка және Еуропаның қалған елдерімен жақынырақ қылады деп есептейді.