Жаңалықтар

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды

ашық дереккөзі

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды

14 қараша сағат 21.45 шамасында 102 кезекші пультіне Мұнайлы ауданы Атамекен селосында жол-көлік оқиғасы орын алғаны жөнінде шақырту түсті деп хабарлады turkystan.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. ПД-нің мәліметінше, апат салдарынан бір көлік өртеніп кетті. Екі адам қаза тапты. «Қазіргі уақытта өрт толықтай өшірілді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда» деп жазды ведомстводан. Бұл факт ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша Мұнайлы аудандық полиция бөлімінде тіркелген. Автокөлікті басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда екi немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан.