Жаңалықтар

Қазақстандық киберспортшы Рио-де-Жанейрода чемпион атанды

ашық дереккөзі

Қазақстандық киберспортшы Рио-де-Жанейрода чемпион атанды

Қазақстандық киберспортшы Алексей (Qikert) Голубев Counter-Strike: Global Offensive (CS:GO) ойыны бойынша 2022 жылғы әлем чемпионы атанды деп хабарлады turkystan.kz. Голубев өнер көрсететін Outsiders командасы Рио-де-Жанейрода өткен IEM Rio Мajor 2022 турнирінің финалында Данияның Heroic командасынан басым түсіп, жеңіске жетті. Жарыс 31 қазаннан 13 қарашаға дейінгі аралықта өткен. Vesti.kz сайты Outsiders командасын қазақстандық Дастан Ақбаев жаттықтыратынын жазды. Айта кетейік, IEM Rio Мajor 2022 жүлде қоры - 1,25 млн доллар.