Ақтөбе облысында көлік аударылып қалды

14 қараша, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысында көлік аударылып қалды 12 қарашада ВАЗ-2110 автокөлігі Шұбарқұдық - Ойыл автожолында аударылып қалған деп хабарлады turkystan.kz. 32 жастағы ВАЗ-2110 автокөлігінің жүргізушісі Шұбарқұдық - Ойыл автожолында жүріп келе жатып, автокөлік рулін басқара алмай, аударылып кеткен.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 51 жастағы жолаушы әйел алған жарақаттарынан қайтыс болды. Екінші жолаушы - 29 жастағы әйел Темір ауданының орталық ауруханасына жатқызылды», -- деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада.