Жаңалықтар

Ыстамбұлдағы теракт құрбандары (ФОТО)

ашық дереккөзі

Ыстамбұлдағы теракт құрбандары (ФОТО)

Кеше Түркияның Ыстамбұл қаласындағы Таксим алаңында болған жарылыс салдарынан алты адам қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz. Қайғылы оқиға салдарынан Истиклал көшесімен келе жатқан 38 жастағы Арзу Озсой мен оның 15 жасар қызы Ягмур Учар қайтыс болды. Таксимде 9 жасар қызы Эжринмен серуендеп жүрген Отбасы және әлеуметтік істер министрлігінің 34 жастағы қызметкері Юсуф Мейдан да болған. Баласы бар ер адам бейбіт тұрғындарға жасалған лаңкестік әрекеттің құрбанына айналды. Сондай-ақ 40 жастағы Адем Топкара мен оның 27 жастағы әйелі Мукаддес Элиф Топкара да қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан.