Ыстамбұлдағы теракт құрбандары (ФОТО)

Ыстамбұлдағы теракт құрбандары (ФОТО)

Ыстамбұлдағы теракт құрбандары (ФОТО)
ашық дереккөзі
Кеше Түркияның Ыстамбұл қаласындағы Таксим алаңында болған жарылыс салдарынан алты адам қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz. Қайғылы оқиға салдарынан Истиклал көшесімен келе жатқан 38 жастағы Арзу Озсой мен оның 15 жасар қызы Ягмур Учар қайтыс болды.  width=  width= Таксимде 9 жасар қызы Эжринмен серуендеп жүрген Отбасы және әлеуметтік істер министрлігінің 34 жастағы қызметкері Юсуф Мейдан да болған. Баласы бар ер адам бейбіт тұрғындарға жасалған лаңкестік әрекеттің құрбанына айналды.  width=  width= Сондай-ақ 40 жастағы Адем Топкара мен оның 27 жастағы әйелі Мукаддес Элиф Топкара да қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан.  width= Түркия Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу оқиға салдарынан 81 адамның жараланғанын, олардың 50-інің үйлеріне шығарылғанын, бесеуі жансақтау бөлімінде жатқанын мәлімдеді. Тағы екі адамның жағдайы ауыр. Сондай-ақ 24 адам емделіп жатыр. Еске салайық, 13 қарашада Ыстамбұлдағы Истиглал көшесінде жарылыс болған еді. Ал бүгін Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркиядағы терактіде қаза тапқандар арасында қазақстандықтардың жоқ екенін айтты