Жаңалықтар

ҚазҰПУ-да педагогикалық білім беруді дамыту мәселелері талқыланды

ашық дереккөзі

ҚазҰПУ-да педагогикалық білім беруді дамыту мәселелері талқыланды

Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы Оқу-әдістемелік бірлестіктің - Жобаларды басқару тобының кеңейтілген отырысы өтті деп хабарлады turkystan.kz. Іс-шараға офлайн және онлайн режимінде Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, еліміздің 49 жоғары оқу орны, стейкхолдерлер қатысты. Жиын барысында ҚазҰПУ-да әзірленген педагогикалық білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы, Қазақстанда шахматты дамыту тұжырымдамасы, «ҚР-да педагогикалық білім беруді нығайту» жобасы аясында 30 білім беру бағдарламасын әзірлеу жобасын іске асыру туралы мәселе талқыланды. Басқа да өзекті тақырыптар бойынша Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов, «Мұғалім» қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасы Арафат Нұрлақов баяндама жасады. Олар Қазақстандағы шахматты дамыту тұжырымдамасына кеңінен тоқталып, «Мұғалім» ҚБ-ның педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша ұсыныстарын айтты. Жоғары оқу орындарының өкілдері тұжырымдаманың идеяларын қолдап, спикерлердің ойлары мен ұсыныстары бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын айтты.