Қант диабеті тұқым қуалай ма? – Дәрігер жауап берді

Қант диабеті тұқым қуалай ма? – Дәрігер жауап берді

Қант диабеті тұқым қуалай ма? – Дәрігер жауап берді
ашық дереккөзі

Қант диабеті, бұл – қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бүгінде бұл ауруға шалдыққандар қатары көбеймесе, азаяр емес. Дәрігер Лаура Даньярованың айтуынша, 2-типті қант диабеті балалар мен жасөспірімдер арасында көбейіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қант диабетімен ауыратын науқастардың шамамен 40%-ы артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі сияқты кардиологиялық асқынулар, бүйректің созылмалы ауруымен ауырады. Кейде бұл керісінше болуы мүмкін: бастапқыда жүрек-қан тамырлары аурулары асқынып, содан кейін предиабет (қандағы қант мөлшері нормадан көп болуы) немесе 2-типті қант диабеті диагнозы қойылады. Артық салмақ, артериялық гипертония немесе липидтер алмасуының бұзылуы бар адамдар қауіпті топқа жатады. Сондықтан олар предиабетке тексеруден өтуі керек. 2-типті қант диабеті балалар мен жасөспірімдер арасында көбейіп жатыр. Қазақстанда бүгінде 200-ге жуық кішкентай науқас осы аурумен күресуде. Статистика бұдан да көп болуы мүмкін. Оның тұқым қуалайтын бейімділік, артық салмақ, дұрыс тамақтанбау және басқа да себептері бар», – деді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ эндокринология кафедрасының меңгерушісі Лаура Даньярова.
Халықаралық диабет федерациясы бүкіл әлемде қант диабетімен ауыратындар саны артып келеді деп дабыл қақты. Әлемде 530 миллионнан астам адам қант диабетіне шалдыққан. Бұл жер бетінде 20-79 жас аралығындағы барлық адамның шамамен 10%-ын құрайды. Зардап шеккендердің басым бөлігі, яғни 90%-дан астамы 2-типті қант диабетімен ауырады. Қант диабеті, ең алдымен, адамзаттың өмір салтының түбегейлі өзгеруінен туындайды. Балалар мен жасөспірімдер арасында сырқаттану, қант диабетінің асқынуынан өлім саны артып келеді. 2025 жылға қарай қант диабетімен ауыратын науқастардың саны екі есе артады деген болжам бар. Денсаулық сақтау министрлігі Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімінің деректеріне сәйкес, Қазақстанда осы диагнозбен 400 мыңнан астам пациент тіркелген. 2-типті қант диабетінің қауіп факторлары: – Төмен физикалық белсенділік; – 2-типті қант диабетіне скрининг 45 жастан басталады. Зерттеу нәтижелері оң болса, үш жылда бір рет қайта өту керек; – Қант диабетімен ауыратын туыстарының болуы; – Белгілі бір этникалық топтарға жату; – Әйелдер үшін: салмағы 4 келіден асатын бала туу немесе жүктілік кезінде пайда болатын гестациялық қант диабеті. ГҚД диагнозы қойылған әйелдер үш жылда кемінде бір рет тексерілуі керек; – Дислипидемия: жоғары тығыздықтағы липопротеидтер 35 мг/дл (0.90 mmol/L) төмен, триглицеридтер 250 мг/дл (2.82 mmol/L) жоғары; – Жүрек-қан тамырлары ауруларының сырқатнамасы; – Гипертония, қан қысымының 140/90 мм жоғары болуы; – Гликирленген гемоглобин 5,7%-дан жоғары болу; – Инсулинге төзімділікпен байланысты жағдайлар: семіздік, қара акантоз, поликистозды аналық без синдромы.