Тоқаевтың жақтастары Атырау облысының тұрғындарымен кездесті

Тоқаевтың жақтастары Атырау облысының тұрғындарымен кездесті

Тоқаевтың жақтастары Атырау облысының тұрғындарымен кездесті
ашық дереккөзі
Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Атырау облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді. РҚШ мүшелері «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау зауытының ұжымымен кездесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген елдің энергетикалық секторын дамыту жөніндегі шараларға назар аударды.  width=
«Бүгін штаб мүшелері мұнай-газ, балық шаруашылығы салалары кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен, Атырау облысының жұртшылығымен және жастармен кездеседі. Біздің міндетіміз –  әрбір қазақстандыққа алдағы сайлаудың маңыздылығын жеткізу. Баршаны 20 қарашада сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық борышын өтеуге шақырамыз. Бұл – еліміздің ертеңі үшін өте маңызды таңдау», - деді Республикалық қоғамдық штаб мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетов.
Мұнай-газ саласының ардагерлерімен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары сайлауалды бағдарламаның кәсіпорындардағы еңбек жағдайларын жақсарту және жалақыны арттыруға қатысты тармақтарына тоқталды.  width= Бұдан соң балық өңдеу кәсіпорнының алаңында сала кәсіпкерлерімен бірлесіп, сайлауалды бағдарламада көрсетілген балық шаруашылығын дамыту және су нысандарының экожүйесін қорғау жөніндегі шаралар талқыланды.  width= Осы күні облыс жұртшылығымен кездесу өтті, оның барысында РҚШ мүшелері сайлауалды бағдарламаның өңірлердегі әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға арналған бөліміне егжей-тегжейлі тоқталды.