Психологиялық тест: «Телефонды қалай ұстайсыз?»

Психологиялық тест: «Телефонды қалай ұстайсыз?»

Психологиялық тест: «Телефонды қалай ұстайсыз?»
ашық дереккөзі
Адам мінезін телефонды қолында ұстауына қарап білуге болатынын біліп пе едіңіз? Бір қолымен ұстау Бір қолымен телефонды ұстап, хабарлама теретін адамдарға көшбасшылық қасиет тән. Өз дегеніне жете білетін жандар. Іске тиянақты, еркіндікті жақсы көреді. Екі қолымен ұстап, мәтін жазу үшін бас бармақты қолдану Бұл адамдар шыдамды келеді. Кез келген мәселені ақылмен шешуге тырысады. Сырт көзге қатал болып көрінгенімен, жүрегі жұмсақ жандар. Жақындарына көмектесуге әрқашан дайын. Қос қолымен ұстап, мәтінді екі саусақпен кезек-кезек теру Өте шыдамсыз адамдар. Үнемі асығып жүреді. Эмоцияға тез беріледі. Бұл жандардың мінезі мен көңіл-күйі құбылмалы болады. Жалпы, олар – адал, және сенімді серік бола біледі. Бір қолымен телефонды ұстап, екінші қолдың сұқ саусағымен мәтін теру: Тыныштықты ұнататын адамдар. Өз қағидаларымен өмір сүреді. Досқа адал, аяғын аңдап басатындар. Шығармашылыққа жаны жақын жандар.