Жаңалықтар

Қазақстанда 20 градусқа дейін аяз болады

ашық дереккөзі

Қазақстанда 20 градусқа дейін аяз болады

15-17 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы тәуліктерде елдің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы ықтимал. Республика бойынша бұрқасын, көктайғақ, тұман болып, қатты екпінді жел 15-28 м/с жылдамдықпен соғады. «Аптаның соңында Солтүстік-батыс антициклонының енуімен жауын-шашынның тоқтауы және температура фоны төмендейді деп болжанып отыр», - деді синоптиктер. Ауа температурасы түнде солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталықта 10-20 аязға дейін, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыста 2-10 аяз, таулы аймақтарда 10-15 аязға дейін төмендеуі күтіледі.