Жаңалықтар

Астанада қар күреу жұмысына 2 мыңнан астам адам жұмылдырылды

ашық дереккөзі

Астанада қар күреу жұмысына 2 мыңнан астам адам жұмылдырылды

Толассыз жауған қарға байланысты қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. 14 қарашада қар күреу жұмысына мыңға жуық арнайы техника мен екі мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды деп хабарлады turkystan.kz Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. Қыс мезгілінің басынан бері барлығы 2 815 ауыр жүк көлігі қала көшелерінен қар полигондарына 36 мың текше метрден астам қар шығарды. Бүгін елорданы қар мен мұздан тазартуға 2 300 жол жұмысшысы және 1 мыңға жуық арнайы техника шықты.