Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға жолдаған жеделхатында Ыстамбұл қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекеттің салдарынан жазықсыз адамдардың құрбан болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
«Осындай қиын сәтте бауырлас түрік азаматтарының қайғысына шын ниетімізбен ортақтаса отырып, Cізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын», – деп жазылған жеделхатта.
Президент қаза тапқандардың жаны жәннатта болуына және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.