Жаңалықтар

Ыстамбұлдағы жарылысты ұйымдастырған күдікті әйел ұсталды

ашық дереккөзі

Ыстамбұлдағы жарылысты ұйымдастырған күдікті әйел ұсталды

Түркияда жарылыс ұйымдастырды деген күдікті ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Айқынға сілтеме жасап. Түркияның Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, кеше Ыстамбұлда жарылыс жасаған деген күдіктіні полицейлер ұстады. Әйел банктен шыққаннан кейін 1-2 минуттан соң жарылыс болған. Ұсталған әйел күрд террористік ұйымына мүше болған деген ақпарат таратты. Ыстамбұлдағы жарылыстан 6 қаза тауып, 80-нен астам адам жарақат алды. Жарылыс болған аймақта бақылау күшейтілді.