Жаңалықтар

Әлімханұлы Дензел Бентлиді неліктен нокаутқа түсірмегенін айтты

ашық дереккөзі

Әлімханұлы Дензел Бентлиді неліктен нокаутқа түсірмегенін айтты

Кеше, 13 қарашада қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) британиялық Дензел Бентлимен (17-2-1, 14 КО) 12 раундтық жекпе-жек өткізді. Бұған дейін ол қарсыласын нокаутқа түсіруге уәде берген болатын. Vesti.kz сайты спортшының осы мәлімдемесіне қатысты жауап бергенін жазды деп хабарлады turkystan.kz. «Бұл – бокс. Мұндай айқастарға боксшылар 100 пайыз дайындалып шығады. Бұл – менің бірінші 12 раундым. Алда жақсылап дайындалып, бұдан да жақсы өнер көрсетеміз», - деді Әлімханұлы.