Петропавлда үш бала реанимацияға түсті

Петропавлда үш бала реанимацияға түсті

Петропавлда үш бала реанимацияға түсті
ашық дереккөзі
Петропавлдағы «Жұмысшы» кентінде жеңіл көлік аялдамаға соғылып, төрт адам ауыр жарақаттанды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік апаты «Жұмысшы» кентіндегі Панфилов көшесінде сағат 14.20 шамасында болған. ВАЗ-2108 көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Машина адамдар тұрған аялдамаға соғылды.
«Көліктің рөлінде 23 жастағы жігіт болған. Медициналық куәландыру оның спирттік ішімдік ішпегенін көрсетті. Жол-көлік оқиғасына қатысты жиналған материал әрі қарай анықталып, процессуалдық шешім қабылдануы үшін Петропавл қалалық полицияның әкімшілік бөліміне берілді», - деді баспасөз қызметіндегілер.
Зардап шеккен 4 адамның үшеуі – кәмелет жасына толмаған бала. Барлығын жедел жәрдем қызметі облыс орталығындағы емдеу мекемелеріне жеткізді. СҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендердің бірі – 43 жастағы Петропавл тұрғыны. Әйелдің аяғы сынып, бас сүйек-миы зақымданған, миы шайқалған. Зардап шегуші қалалық көпсалалы ауруханаға жатқызылды. Ал, 7 жасар егіздер облыстық көпсалалы балалар ауруханасының жансақтау бөліміне түсті, олардың ішіне зақым келген. 12 жастағы баланың да ішіне зақым келіп, санын жарақаттап алған. Ол да жансақтау бөлімінде жатыр.