Алматыда көлік жуу орталығы өртенді (ВИДЕО)
Алматы іргесіндегі Құлжа трассасында көлік жуу орталығы өртенді деп хабарлады turkystan.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
Өрт кеше сағат 21:02 шамасында басталған. 23:00-де қызыл жалын сөндірілді.
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ауруханаға 1982 жылы туған әйел жеткізілген. Кейін 1996 жылғы ер адам медициналық көмекке жүгінген. Зардап шеккендер ауыр халде жатыр.