Ақтаудағы атыс: күдікті алты адам ұсталды

Ақтаудағы атыс: күдікті алты адам ұсталды

Ақтаудағы атыс: күдікті алты адам ұсталды
ашық дереккөзі
Ақтауда кісі өлтіруге оқталды деген күдікпен 6 жігіт ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. Ақтау қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері бұзақылық ниетпен кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша 6 күдіктіні анықтады. Еске салсақ, 12 қарашада Маңғыстау облыстық ауруханасына оқ тиген 19 жастағы бір азамат жеткізілгені жайлы хабарлағанбыз. Сондай-ақ тізе буынының жабық жарақатымен тағы бір азамат дәрігерлерге табысталған. Олар Ақтаудағы кафелердің бірінде болған оқиға кезінде жарақат алған. «Осы оқиғаға қатысушылардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген өңірлік ПД баспасөз қызметінің ақпаратында. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмеді.