Жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағын қорғап қалды

ашық дереккөзі

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағын қорғап қалды

Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) мен британиялық Дэнзел Бентли (17-1-1, 14 КО) кездесті деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. Жәнібек бірінші раундтан-ақ әлем чемпионы атағы кімге тиелісі екенін аңғартқысы келді. Алғашқы үш минутта жерлесіміз жекпе-жек барысын өз қолына алып, ринг ортасын иемденді. Қос боксшы екінші раундты белсенді бастады. Әлімханұлы қарсыластың осал тұсын аңдып, дәл соққы бағыттай білді. Британ өкілі де арагідік жұдырық жұмсап үлгерген сәттер де болды. Үшінші және төртінші раунд та Жәнібектің басымдығымен өтті. Бентлиді бұрышқа тақап, төрт-бес соққыдан құралған әдемі комбинация жасады. Қарсылас қорғанумен ғана жүрді.