Маңғыстау облысында атыс болды

Маңғыстау облысында атыс болды

Маңғыстау облысында атыс болды
ашық дереккөзі
Бүгін Маңғыстау облыстық ауруханасына «WOW» кафесінен 19 жастағы екі азамат жеткізілген деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«Олардың біреуінде оқ жарақаты, ал екіншісінде тізе буынының жабық жарақаты болды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді» деп жазылған polisia.kz таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық қатысушыларын ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Бұл факт ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-б. - 99 2-б. 9-т. (Бұзақылық ниетпен өлтіруге оқталу) бойынша тіркелген.