Жаңалықтар

Айбек Оралбай Азия чемпионы атанды

ашық дереккөзі

Айбек Оралбай Азия чемпионы атанды

92 келідегі салмақта Қазақстан құрамасының боксшысы Айбек Оралбай Өзбекстан елінің өкілі Мадияр Сайдрахимовпен Азия чемпионы атағын сарапқа салды деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Үш раунд қорытындысы бойынша, төрешілер жеңісті қазақстандыққа берді. Мадияр Өзбекстан тумасы болғанымен, ұлты қазақ. Айта кетейік, осыған дейін шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшылар арасында тек Асыланбек Шымбергенов пен Санжар Тәшкенбай ғана Азия чемпионы атанды. Ал Дулат Бекбауов, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Сабырхан Махмұт және Нұрқанат Райыс финалда сүрініп, күміс жүлдегер атанды.