Боксшы Санжар Тәшкенбай – Азия чемпионы

12 қараша, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Боксшы Санжар Тәшкенбай – Азия чемпионы Бүгін Амманда бокстан Азия чемпионатының соңғы жарыс күні өтіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz. 48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін 19 жастағы Санжар Тәшкенбай Қазақстан қоржынына ерлер арасындағы алғашқы алтын жүлдені салды. Ол финалда жапониялық Казума Аратакені 5:0 есебімен жеңді.