Азия чемпионаты: Бибосынов алтынға бір қадам жетпей қалды

Азия чемпионаты: Бибосынов алтынға бір қадам жетпей қалды

Азия чемпионаты: Бибосынов алтынға бір қадам жетпей қалды
ашық дереккөзі
Бүгін Иордания астансында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында Сәкен Бибосынов өнер көрсетті деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Бибосынов құрлықтық турнирдің шешуші айқасында өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен кездесті. 51 келіде өткен жекпе-жекте 4:1 есебімен өзбек боксшы үстем түсті. Айта кетейік, Дусматов 2016 жылғы Олимпиада чемпионы және Азия чемпионатын екі рет жеңген  (2015, 2017). Ал былтыр Белградта өткен әлем біріншілігінің финалында Бибосынов дәл осы Дусматовпен қолғап түйістіріп, Сәкен жеңген болатын.