Жаңалықтар

Қарақат Әбденнің сайлауалды штабы қан тапсырды

ашық дереккөзі

Қарақат Әбденнің сайлауалды штабы қан тапсырды

Қарақат Әбденнің сайлауалды штабының мүшелері Трансфузиология ғылыми өндірістік орталығында қан тапсырып, донор атанды деп хабарлады turkystan.kz. Іс-шараға қатысқан штаб мүшелері 10 000 миллилитрге жуық қан тапсырды. Донорлық қан ауыр науқастарды емдеуде және шұғыл медициналық көмек көрсету кезінде аса қажет. Трансфузиолог-мамандардың айтуынша, әр донордан 450 мл қан алынады. Бұл адам денсаулығына зиянын тигізбейді, керісінше көп жағдайда пайдалы болмақ. Президенттікке кандидат Қарақат Әбден бұл бастаманың әлеуметтік маңызы зор екендігін атап өтті.