Эксперимент: көп әйел алған дұрыс па? (ВИДЕО)

Эксперимент: көп әйел алған дұрыс па? (ВИДЕО)

Эксперимент: көп әйел алған дұрыс па? (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қоғамда қызу талқыланатын осы тақырыпта «Астана» телеарнасының журналистері эксперимент жасады деп хабарлады turkystan.kz. Телеарна тілшісі арнайы киініп, күйеуіне тоқал іздеген әйелдің образын сомдаған. Елордалықтар болса, жолдасына екінші әйел іздеп жүрген келіншекті көріп таңқалған. Бірі есі ауысқан деп ойласа, енді бірі басқа бір себебі бар шығар деген пайымға келіпті. Әйтсе де нәзікжандылар күйеуіне тоқал алып беруге дайын емес екендігін байқатты. Қазіргі кезде трендке айналған бұл тақырып біріне жақса, біреудің құлағына түрпідей тиеді. Десе де, қоғам белсендісі Бақытбол Берімбайұлы тоқал алу дұрыс деп санайды.
«Құдай қаласа, бәйбішем рұқсат беріп отыр. Алла бұйырған күні көреміз. Мәселе, бір құмарлықтан алайын деп жүрген жоқпын, ұрпағым да жоқ емес, ұрпағым бар, Аллаға шүкір. Дегенмен, мына жас жігіттер тоқал алмайды. Мен сияқты сақа жігіттер, үлкен, парасатты азаматтар шешетін нәрсе. Бұл алып берудің өзі парасаты биік бәйбішелер алып береді», - деді қоғам белсендісі Бақытбол БЕРІМБАЙҰЛЫ.
Елімізде ресми түрде бәйбіше болып отырған әйел аз емес. Олар күйеуіне тоқал алуға көбіне үш жағдайда келісім беретін көрінеді. Біріншісі – денсаулығы болмаса, екіншісі – қаржы жағынан тәуелді, үшіншісі – күйеуін «көзсіз» сүйеді. Бірақ, ер азаматтар жауапкершілікті түсініп, әйел құқығын аяқасты етпесе дейді мамандар.
«Бұл мәселе, біріншіден, қоғамда іріткі салмау керек. Екіншіден, жеке адамдардың өздерінің бір мүдделерінің құралы ретінде болмау керек. Содан кейін, әйелдің жалпы құқығы тапталмау керек. Осы мәселелердің барлығы жан-жақты қаралып, талқыланып, кімнің ұтып, кімнің ұтылу жағдайының бәрі қарастырылғаннан кейін ғана бұл мәселеге я дұрыс, я бұрыс деп қараған дұрыс сияқты», - деді демограф Шынар ТӨЛЕШОВА.